Екінші деңгейдегі банк қарыз алушысы қайтыс болған, науқастануы немесе жазатайым оқиға салдарынан 1, 2 топтағы мүгедек болған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. Консультация алу үшін өтінім қалдыруыңызды сұраймыз.
Шарттары
Сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде басталған мынадай оқиғалар сақтандыру жағдайы деп танылады:
1. Сақтандырылушының кез келген себеппен қайтыс болуы;
2. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылуы кезеңінде болған жазатайым оқиға нәтижесінде I, II, III топтағы мүгедектік;
Егер Сақтандыру шарты жасалған күні Сақтандырылушы 60 жасқа толған болса, онда науқастану себебінен Сақтандырылушының қайтыс болуы Сақтандыру шартымен өтелмейді.
Сақтандыру сомасы
Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандырудың ең жоғары сомасы 10 000 000 теңгені құрайды.
Сақтандыру төлемдерінің мөлшері
1. «Кез келген себеппен қайтыс болу» - сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру сомасына тең. Сақтандыру сомасы банктік қарыз сомасына тең.
2. «Жазатайым оқиға нәтижесінде I, II, III-топтағы мүгедектік» - Cақтандырушы Пайда алушыға біржолғы сақтандыру төлемін жүргізеді:
1) «Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған және ол басталған кезден бастап он екі ай ішінде Сақтандырылушыға I топтағы мүгедектікті беруге әкеп соқтырған жазатайым оқиға» сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасы Шарт бойынша жалпы сақтандыру сомасының 80%-ын құрайды.
2) «Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған және ол басталған кезден бастап он екі ай ішінде Сақтандырылушыға II топтағы мүгедектікті беруге әкеп соқтырған жазатайым оқиға» сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасы Шарт бойынша жалпы сақтандыру сомасының 60%-ын құрайды.
3) «Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған және ол басталған кезден бастап он екі ай ішінде Сақтандырылушыға III топтағы мүгедектікті беруге әкеп соқтырған жазатайым оқиға» сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасы Шарт бойынша жалпы сақтандыру сомасының 40%-ын құрайды.
Шарт жасасу мерзімі
Сақтандыру шарты 24 айға (730 күнтізбелік күн) дейінгі мерзімге жасалады.
Сақтандыру шартын бұзу шарттары
Сақтандыру шартын бұзу шарттары
Азаматтық кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 841-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Сақтанушы-жеке тұлға, сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, ол жасалған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.
Сақтанушы-жеке тұлға өзінің (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындау себебінен қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.
Шарттары
Сақтандыру «жазатайым оқиға» тәуекеліне қолданылады. Жазатайым оқиға - сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсердің нәтижесінде адамның еркінен тыс басталған кенеттен, қысқа мерзімді оқиға (апат):
Сақтандыру төлемдерінің мөлшері
1) қайтыс болған кезде - 100%;
2) 1 топ мүгедектігі берілген кезде – 80%;
3) 2 топ мүгедектігі берілген кезде – 60 %.
Шарт жасасу мерзімі
Сақтандыру шарты 1 жылдан артық мерзімге жасалады
«KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы Нарығын Реттеу және Дамыту Агентігі берген 2022 жылғы «11» қазандағы № 2.2.5 лицензия негізінде жүзеге асырады.