НегізгіӨнімдерҚызметкердi жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

Қызметкердi жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

Өнім зардап шеккен қызметкерге және оның асырауындағы адамдарға қызметкердің жоғалтқан жалақысының өтелуіне, сондай-ақ жұмыс берушілерге зардап шеккен қызметкерге сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді айтарлықтай қысқартуға кепілдік береді.

Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. Консультация алу үшін өтінім қалдыруыңызды сұраймыз.

Кеңес алуға өтініш

Ережелері

Өтелетін тәуекел:

Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсері салдарынан өндірістік жарақат, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан болған жазатайым оқиға қызметкер қайтыс болғанда, қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейі, кәсіптік ауру.

Шарт жасау талаптары

«KM Life» ӨСК» АҚ қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын кез келген жұмыс беруші немесе оның өкілі хабарласа отырып ресімдей алады.

Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру сомасын есептеу үшін барлық қызметкердің жылдық еңбек ақы қорын көрсете отырып, штат кестесін ұсыну қажет. Сақтандыру тарифі экономикалық қызмет түріне, кәсіби тәуекел сыныбына және өндірістегі жазатайым оқиғалар статистикасына байланысты.

Сақтанушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын анықтаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайтын, он екі еселенген ең төменгі жалақы мөлшеріне көбейтілген ай сайынғы табысы қабылданады.

Сақтандыру төлемін алу шарттары

Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігін бір жылдан кем мерзімге жоғалтуы деңгейінің белгіленуіне байланысты, біздің Компаниямен жасалған аннуитет шарты негізінде ай сайын жүзеге асырылады. Бұл ретте бірінші сақтандыру төлемі барлық көзделген құжаттар ұсынылған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігін бір жылға және одан артық мерзімге жоғалтуы деңгейінің белгіленуіне байланысты, біздің Компаниямен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан деңгейін белгілейтін не болмаса ұзартатын (қайта куәландыру) мерзімге тең мерзім ішінде қызметкердің пайдасына аннуитет төлемдер түрінде жүзеге асырылады, бірақ қызметкер зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толатын мерзімінен көп болмауы тиіс.

Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердің қайтыс болуына байланысты, сондай - ақ жазатайым оқиға салдарынан оның денсаулығының нашарлауы себебінен зиянды өтеу бойынша, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитет төлемдер түрінде, біздің Компаниямен жасалған аннуитет шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім ішінде.

Қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейі белгіленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығысты өтеу бойынша, келесідей мөлшерде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлықтық есептік көрсеткіштерде) жүзеге асырылады):

  • кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейі 30-дан 59 пайызды қоса алғанда белгіленген кезде - 500;
  • кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейі 60-тан 89 пайызды қоса алғанда белгіленген кезде - 750;
  • кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейі 90-дан 100 пайызды қоса алғанда белгіленген кезде - 1 000.

Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге жұмсалған шығыс жүз айлықтық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі.

Өмірді сақтандыру бойынша инновациялық өнімдерi

Біз өмірді сақтандыру саласында әлемнің озық тәжірибесі мен үрдісін енгіземіз.