НегізгіКомпания туралы

Компания туралы

KM Life – жеке және заңды тұлғаларға өмірді сақтандыру қызметтерін ұсынатын компания.

Компанияның негізін қалаушылар – қаржы нарығында, атап айтқанда сақтандыру нарығында тәжірибесі мол кәсіпқойлар, сондай-ақ өмірді сақтандыруда әлемдік үрдісті енгізуге ұмтылатын алдына жан салмайтын мамандар.

Біздің өнімдеріміздің инновациялығы отандық сақтандыру нарығында ішінара немесе мүлдем қамтылмаған жаңа өнімдерді енгізуде жатыр.

Мысалы, сақтанушы:

  1. Сақтандыру компанияның пайдасына қатысу.
  2. Компанияның инвестициялық саясаты бойынша таңдалған стратегияға және сақтанушы енгізген сомаға сәйкес Компанияның инвестициялық қызметінен кіріс алу.
  3. Балалардың біліміне ақша жинау.
  4. Ауқатты қарттыққа кепілдік беру.
  5. Зардап шеккен қызметкерлерге қаржылық тұрақтылық сияқты орындай алатын сақтандыру өнімдері.

Бұл өнімдер халықаралық тәжірибенің үздіксіз жетістіктері ескеріле отырып әзірленетін болады.

Компанияның сақтандыру қызметіндегі ең маңызды бағыттарында жеке тұлға клиенттерді кешенді сақтандыру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындарды орын алуы ықтимал барлық тәуекелден толыққанды қорғау.

Сақтандыру ұйымы өз сатылымдарында сақтанушылардың мүддесін барынша жоғары ескеретін болады. Атап айтқанда, аннуитет шарттары бойынша (зейнетақы, міндетті сақтандыру аясында және өзге де) қаржы жылының қорытындысы бойынша сақтандыру төлемдерін индекстеу мүмкіндігі көзделетін болады. Кіріс алған жағдайда өмірді жинақтаушы сақтандыруда (сақтандыру сомасын не болмаса сақтандыру төлемдерін ұлғайту түрінде), оның бір бөлігі сақтанушыларға бонус төлеуге жіберіледі.

Өткізу саласындағы маңызды тармақтар:

Штатты жоғары білікті қызметкерлермен толтыру.

Компанияда жоғары білікті қызметкерлерді сақтау.

Қызметкерлерді даярлау деңгейін үнемі арттыру.

Үнемі консультациялар жүргізу және менеджерлермен және сақтандыру агенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру.

Құзыреттігін бағалау, қызметкерлерді аттестациядан өткізу.

Біздің құндылықтар

Өз клиенттерімізді қорғау

Біздің ең басты құндылығымыз – біздің клиенттер. Олардың мүддесін қорғау және олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Біз өз клиенттерімізге көмектесе отырып, мемлекетті халықтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуден босатамыз.

Инновациялық тәсілдеме

Біз үнемі өзгеріп отыратын әлемнің дүниежүзілік үрдісін қадағалаймыз әрі өз клиенттерімізге, әріптестерімізге және өзіміз үшін жаңа мүмкіндіктерді барынша көбірек пайдалануға ұмтыламыз.

Тұтастық

Біздің жұмыс адалдық, құрмет көрсету, әділдік және шапшаңдық ұстанымдарына құрылған.