Сақтандыру шарты бойынша консультацияны қалай алуға болады?
Ол үшін біздің Компанияға хабарласуыңызға немесе біздің сайтта өтініш қалдыруыңызға болады, содан кейін Сізге біздің консультант хабарласып, қызықтырған барлық сұрағыңызға жауап береді. Егер Сізде біздің Компанияның сақтандыру шарты болса, Сіз өзіңізге Компанияның атынан қызмет көрсеткен маманға хабарласа аласыз.
KM Life компаниясының инвестициялық саясаты қандай?
Компанияның инвестициялық саясаты Сіздің қаражатыңызды сақтауға және көбейтуге бағытталған. Жұмыс тәжірибесі мол кәсіпқойлардың инвестициялық саясатын әзірлеуге қатысу және уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан инвестиция мөлшері мен қаржы құралдарына лимит қою Компаниядағы инвестициялау процесіне қисынды тәсілді қамтамасыз етеді.
Сақтандыру полисі сот шешімімен тәркіленуі мүмкін бе?
Жоқ. Көп өнім ерікті сақтандыру түрі болып табылады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, оларды төтенше жағдайда тәркілеуге болады.
Егер дене жарақатын Қазақстан аумағында алмаған болса, төлемдер жүргізіле ме? Ол үшін қандай құжаттар керек?
Егер Сіз таңдаған сақтандыру бағдарламасында сақтандыру оқиғасы орын алған сақтандыру аумағында сақтандыру өтемі көзделетін болса, онда, онда сақтандыру компаниясы, сөзсіз, Сізге барлық қажет төлемдерді жүргізеді. Қажет құжаттардың тізбесі, әдетте, сақтандыру бағдарламасында көрсетіледі.
Менің балам спортпен шұғылдану кезінде жарақат алса, оған сақтандыру төлемі жүргізіле ме?
Егер бұл таңдалған сақтандыру бағдарламасында көзделген болса, онда, сөзсіз, сақтандыру компаниясы мұндай жарақаттардың өтемін төлейді. Компания балаларды сауықтыру лагерлерінде, Қазақстан аумағында және шетелдерде және т. б. демалыс кезінде олардың жарақатын сақтандыруды ұсынады.
Бала өмірі мен денсаулығын кез келген жаста сақтандыруға болатыны түсінікті жағдай әрі оның 18-жасқа дейін сақтандырылуы шарт емес, бірақ бала дәл кәмелетке толуына қарай қомақты ақша алуы үшін оны қай уақытта сақтандырған дұрыс?
Бұл Сіздің қандай соманы жинағыңыз келетініне әрі жарнаның қандай мөлшерде жүзеге асырылатынына байланысты болады. Әрине, ертерек жинай бастаған дұрыс, себебі клиенттер салатын жарна мөлшері аз болса да, қомақты соманы жинауға болады.
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру бағдарламалары банк салымына немесе сол сияқты білім беру кредиттеріне қарағандай несімен тиімдірек келеді?
Банк депозиттері Сіздің салымыңызға тіркелген инвестициялық кірісті ғана қамтамасыз етеді, ал сақтандыру бағдарламалары болса инвестициялық кірістен бөлек, сақтандыру арқылы өтеуді де қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Компания тәуекелдің қолайлы деңгейін жоғалтпаған кезде, клиентке келіп түсетін пайданы (инвестициялық кірісті) барынша арттыруға ұмтылады. Бұдан басқа, заманауи сақтандыру бағдарламалары өте икемді болып келеді әрі тізімі өте үлкен (сақтандыру ұйымының пайдасына қатысу, инвестициялық кіріске қатысу, зейнетақы жоспарлары, аннуитеттер, әртүрлі жинақ пен төлем бағдарламалар және т.б.) қосымша пайда алу мүмкіндігін береді.
Өз сақтандыру жинағымды құнсызданудан қалай қорғауға болады?
Сақтандыру жинағы құнсызданудан қорғалады, себебі олар сақтандыру Компаниясының көбінесе құнсыздану мөлшеріне қарағанда жоғары болатынжыл сайын инвестициялық кіріс есептейтін кепілдік берілген инвестициялық параметрлері бар инвестицияларына қатысады.