Алматы Марафон 2024: Казахмыс және KM Life сақтандыру компаниялар тобының қызметкерлері «Алматы Марафонына», 10 шақырымдық қашықтықтағы жүгіру жарысына қатысты!

Алматы қаласында 2024 жылдың 29 қыркүйегінде Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы - «Алматы Марафонның» он үшінші жүгіру сайысы өтті. Бұл жарыста Казахмыс және KM Life сақтандыру компанияларының жұмыскерлері салауатты өмір салтына және командалық рухтың нығаюына өздерінің берілгендігін көрсетті.

Таңнан бастап Республика Алаңында спорт мерекесінің керемет атмосферасы орын алды. Себебі марафон - бұл жай ғана ара қашықтық емес, бұл мінездің, рух күші мен тұрақтылығының сынағы.

Әр қатысу бұл жерде керемет төзімділік пен мақсатқа жетудегі табандылығын көрсетті. Әр қадам – бұл әр қатысушының өзін өзі жеңуі болып табылады және де қорытынды нәтижеге байланыссыз, барлық қатысушылар жеңімпаз болып табылады және кез келген қиындықтарды жеңіп, алдына қойған кез келген мақсаттарға жете алады.

Жарыстың бар бағытында қатысушылар бір бірін шабыттандырып командалық рухтың жоғары болуын қолдады. Әр қадам қуат пен жеңіске толы болды, ал жанкүйерлер қатысушыларды жалаулармен, постерлермен және қолдау сөздерін айта қуанышпен қарсы алды. 

Әріптестерімізді жарыс ара қашықтығын толық жүгіріп өтуімен құттықтаймыз!

Біз командамыздың әр мүшесімен мақтанамыз және марафон ұйымдастырушыларына осы керемет спорт мерекесі үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай іс-шараларда қатысу біздің ұжымдық рухымызды нығайтады және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын көрсетеді.

Осы жарыстан алған тәжірбие - біздің әріптестерімізді спортта да ,өмірде де жаңа жетістіктер мен жеңістерге жетуге шабыттандырсын! Сіздерге істеріңізде сәттілік, мықты денсаулық пен жаңа спорт жетістіктерін тілейміз!