«KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы міндетті квоталық қайта сақтандыру шартын жасады.

«KM Life» өмірді сақтандыру Компаниясы міндетті квоталық қайта сақтандыру шартын жасады. Шарттың қайта сақтандырушысы - Standard & Poor's «AA-» қаржылық тұрақтылық рейтинг деңгейі бар, Hannover Rück SE болып табылады.

Қамтуға келесі тәуекелдер кіреді:
• Негізгі қамту – кез келген себептерден болған өлім;
• Жазатайым оқиғадан болатын өлімді қосымша қамту;
• Кез келген себептен болатын мүгедектікті қосымша қамту;
• Жазатайым оқиғадан болатын мүгедектікті қосымша қамту.

Міндетті квоталық қайта сақтандыру шартын жасасудың арқасында, «KM Life» өмірді сақтандыру Компаниясы, жоғары рейтингті компанияда тәуекелдерді қайта сақтандыру кепілдігімен, клиенттерге үлкенірек тәуекелдерге қатысты сақтандыруды, сонымен қатар өмірді сақтандыру портфелінің сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді.