2021 жылғы 29 мамырда біздің Компания сақтандыру компаниялары арасында шағын футболдан жыл сайынғы жолдастық турнирге белсенді қатысты. Чемпион мәртебесі үшін бірден 6 сақтандыру компаниясы: “Қазақмыс” СК және “КМ Life” ӨСК, “Халық” СК, “Коммеск” СК, “Сентрас Иншуранс” СК, “Freedom Finance Insurance” СК және “Jusan Garant”СК күресті. Ақтық сында “Халық” сақтандыру компаниясының командасы жеңіске жетті.
Турнирге қатысу - бұл жыл сайынғы жақсы дәстүр және ресмиліктен тыс қарым-қатынас жасаудың керемет амалы, жақсы көңіл-күй сыйлау, командалық рухты көтеру, компания мәртебесін қолдау әрі нығайту.
Біз шараны ұйымдастырушы “Сентрас Иншуранс” СК, басқа сақтандыру компанияларындағы өз әріптестерімізге әдемі футбол үшін және жарқын да жағымды көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс білдіреміз.
Өз футболшыларымызды мақтан етеміз - жігіттер нағыз ұйымшыл команда екенін көрсете білді және кәсіби ойынның куәсі болу мәртебесін сыйлады! Жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл күй, белсенді қолдау көрсеткені үшін рақмет айтамыз, соның арқасында ойыншылар турнир барысындағы қиындықтарды жеңе алды.
Командамызды болашақта көптеген жеңіс пен жетістік күтіп тұрғанына сенімдіміз.