Таланттар шеруі!

Балалық шақтың керемет мерекесі - балаларды қорғау Күнін біз арнайы жаздың бірінші күнінде атап өтеміз! Себебі балалық шақ - ол әр баланың өміріндегі ең сиқырлы және бақытты уақыты, шығармашылық уақыты, уайымсыз ойындар мен қиялдардың кезі, әр сәті жаңалық пен қызық іздейтін сиқырға деген сенім уақыты.

Балалық шақтары жарқын және есте қаларлық оқиға ретінде ұзақ уақыт есте қалуы үшін, біз "Таланттар шеруі" тақырыбында еркін шығармашылық конкурс ұйымдастырдық.

Біздің жас өнерпаздарымыз керемет жұмыстарды даярлады және нағыз жауһарларды ұсынды: көркем суреттер, киізден және гипстен жасалған фигуралар, моншақтардан жасалған сөмкелер, билер, әндер, өлеңдер және де көптеген басқа нәрселер.

Біздің жас өнерпаздарымыздың  керемет жұмыстарымен, алған әсерлермен, эмоциялар мен таңғажайып әлемнің бір бөлігімен бөліскіміз келіп тұр.

Ата-аналар мен балаларға үлкен алғысымызды білдіреміз! Жарқын және бақытты балалық шақ, теңіз күлкі тілейміз! Күн нұрлана берсін, ал балалардың таңғажайыптарға сенімі азаймасын!